Ең қымбат картоп Атлант мұхитындағы Нурмуатье деп аталатын Француз аралында өсіріледі екен. Оның құны шамамен 500 еуроны құраған.
Бағасының қымбат болуы күту ерекшелігімен байланысты болса керек. Картоп алқаптары ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған технология бойынша өсіріледі және теңіз балдырларымен ғана тыңайтылады. Бұл сортты тек қолмен отырғызады және жинайды.
Алқа тұқымдасына жататын ерекше дақылдан жаңғақ пен лимонның иісі аңқиды. Алғашқыда сұранысқа ие болмаса да, 1995 жылдан кейін картоптың бір келісі 475 долларға бағаланған. Содан бері оның құны төмендемеді
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<