Өмірге келгеннен кейін-сол бақытты бағалай білгенге не жетсін? Салауатты өмірді ұстанып,білім нәрімен сусындап, жаман әдет-ғұрыптан бас тарту-ол нағыз адамзаттың парызы деп білемін. Өмірді қалай сүремін десеңде-ол өз қолымызда! Қазақтың қаншама дара тұлғалары бар,соларға ұқсап менде білімді, саналы,әкем көрмеген өмірді мәнді өткізіп,атаммен анама және бауырларыма қорған болғым келеді.
Десек те өз өмірлерінде өз жолдарын таппай, адасып,есірткіге алданып,уақыттарын босқа өткізіп жүрген қаншама жандар бар,өкінішті. Нашақорлық кең белес алуда.Себебі қазір істейтін жұмысы жоқ жастар көбеюде. Ата-аналары жұмыста болған кезде,қадағалаусыз қалған жасөспірімдер арасында кеңінен таралуда. Бірақ арты өкінішке апаратынын кеш түсінеді.
Қиналған кезде,ашуланғанда,ұрыс-керіс болғанда бір реттік ләззат өмірмен (есірткімен) айырбастайды да,артынынан қанша адам жәбір шегеді. Нашақорлық жүйкені, жүректі, бауырды яғни денсаулықтың бәріне зиянын тигізеді.
Сол үшін Алла берген аманаты-денсаулығымызды қадірлейік,достар!
Ондай зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырамын!
Біз-өмірдің жарқын болашағымыз! Мен денсаулықтың қадірін білемін. Менің арманым асқақ! Мен атам мен анамның үкілеген үмітімін! Отбасымның арқа сүйер еразаматымын!
Барлық достарыма есірткіге алданбай, өз денсаулықтарын күтіп, жауапкершілікпен қарауға шақырамын!
Мағжан Сабитов,
№41 М. Шоқай атындағы орта мектебінің
9 сынып оқушысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<