Германияға қамыс, Өзбекстанға ұн экспортталды

1166

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты және егін науқаны туралы айтып берді.


Биыл мемлекеттік бағ­дарлама аясында аграрлық секторды мемлекеттік қолдау үшін 12,8 млрд теңге бөлінді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді 3,5, инвестицияны 10, еңбек өнімділігін 16,5, экспорт көлемін 21 процентке арттыру белгіленді.


Жыл басынан бері әлемнің 12 мемлекетіне 5 түрлі өнім экспортталуда. Алғаш рет облыстан Германияға қамыс, Өзбекстанға бидай ұны жө­нелтілді. Сонымен қатар биыл 184739 гектар жерге ауыл­ шаруашылығы дақылдары егілді. Өткен жылмен салыс­тырғанда да­қыл­дар аз егілген. Егісті әр­та­раптандыру бағытында алғаш рет перспективалы да­қыл­дар себілді. Қажетті ми­нералды тыңайтқыштар алы­нып, егіс егу және үстеп қоректендіру жұмыстары жүйелі жүргізілді. Күріш егіс­тіктерін арамшөптеріне қарсы өңдеу шаралары да уақытылы атқарылды.


Көктемгі дала және егіс жұмыстарын жүргізуге 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<