2021 жылдан бастап «ӨКМ Операторы» ЖШС «Eсoqoldaý» жаңа жобасын іске қосты.
Eсoqoldaý» жаңа жобасы – әрбір аймақтағы қалдық жинаушы, тасымалдаушы және қайта өңдеуші кәсіпорындарға қаржылай қолдау көрсетудің жаңа мүмкіндігі. Осылайша қалдық өңдеу саласын қаржылай ынталандыру арқылы әрбір өңірдің экологиялық және экономикалық дамуын арттыру көзделіп отыр.
Осы орайда қайта өңдеу саласында еңбек етіп жатқан аймақтағы кәсіпорындар мен салаға жаңадан қосылуға ниетті кез келген кәсіпкер ӨКМ Операторының «Eсoqoldaý» жобасына қатыса алады. Бір сөзбен айтқанда қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды (макулатура, шыны, пластик, металл қаптама) жинап, табыс көрудің жолы ашылып отыр.
Жобаға қатысамын деген кез келген кәсіпкер өзінің атқаратын қызметіне сәйкес (жинаушы, тасымалдаушы, өңдеуші) https://ecoqolday.kz/ сайтына кіріп тіркелуіне болады. Сонымен қатар телеграм желісіндегі арнайы Eсoqoldaý чатына қосылып (https://t.me/ecoqolday), жобаға қатысты егжей-тегжейлі сұрап-білулеріне болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<