Хабарландыру

483

0

Облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету қызметі жөніндегі есебі (2020 жылдың 10 айы бойынша)

«Облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ арқылы төмендегі мемлекеттік қызметтер көрсетілетіндігін хабарлайды:

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;

«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»;

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру».


Сондай-ақ, облыстық ішкі саясат басқармасының келісімімен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы көрсетілетін қызмет түрлері:

«Ғибадат үйлерін салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»;

«Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».


2020 жылы «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша «е-лицензия» электронды порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы 2 өтініш түскен болатын.

Аталған қызметтің қағидасына сәйкес өтініш иелерінің құжаттары қаралып, барлық қызмет алушыларға дәлелді бас тарту берілді (мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына сәйкес құжаттар топтамасының толық ұсынылмауына байланысты).


«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» қызметі бойынша үш өтініш тіркеліп (МО – 1, ХҚКО – 2), екі қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі (куәлік) табысталды, ал үшінші қызмет алушыға дәлелді бас тарту берілді. Дәлелді бас тартудың себебі: аталған қызмет бойынша өтініш беруге келген үшінші тұлғада сенімхаттың болмауы және «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына сәйкес құжаттар топтамасының толық берілмеуі ((5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар).


Ағымдағы жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетімен бекітілген Қағидаларға (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығы) сәйкес «е-лицензия» электронды порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы көрсетілуде.


Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді Портал арқылы көрсету үлесін арттыру бағытында а.ж. он айы бойынша 9 түсіндірме жұмысы ұйымдастырылып, шаралар барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің портал арқылы көрсетілетіндігін ақпараттандыру мақсатында арнайы әзірленген таратпа материалдары таратылды (80 дана). Алдағы уақытта дін саласындағы мемлекеттік қызметтерді Портал арқылы көрсету үлесін арттыру бағытындағы тиісті жұмыстар жалғасын табатын болады.


Есепті мерзімде қызметті алушылардан мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша басқарма атына арыз, шағымдар келіп түскен жоқ.


Сонымен қатар, дін саласындағы мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпаратты облыстық ішкі саясат басқармасының ресми веб-порталынан немесе 605326 телефонына хабарласу арқылы ала аласыздар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<