III студенттік кеңес өтуде

439

0

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы III студенттік кеңес өтуде.

Кеңеске өңірлік студенттік омбудсмендер, Қазақстан студенттерінің Альянсының төрағалары, белсенді студенттер қатысуда.

Аталмыш кеңесте, Қызылорда облыстық студенттік омбудсмен Сабыржан Бахытжанұлы 2023-2024 жылдарға арналған спорттық ойындар туралы («Usport» жобасы, «Студент барысы» жобасы) баяндама жасады.

«Қазақ баласы бозкілемге шығып, қарсыласын жығып, елдің туын асқақтатып, әнұранын шырқатып жатса тақымын қыспайтын қазақ жоқ шығар. Кешегі палуан атекеміз Қажымұқан Мұңайтпасұлының жасаған еңбегі айтпасада түсінікті. Жастардың тағы да бір сұрағаны қазақ күресінен республикалық «Студенттер барысы» турнирі. Турнирдің мақсаты ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, ЖОО студенттері арасындағы достық және бәсекелестік қатынастарды нығайту, ЖОО арасында қазақ күресін кеңінен насихаттау, оны ұлттық идея деңгейіне шығару және халықаралық аренада беделін арттыру. Турнирге 16-24 жас аралығындағы кемі 10 мың студент қатысады. 2024 жылы пилоттық режимде іске асырылып, жоспардағы нәтижелерді беріп жатса әрі қарай жыл сайын дәстүрлі түрде қалыптасатын жобалардың қатарынан болса дейміз.» – деді Сабыржан Бахытжанұлы өз баяндамасында.

Сондай-ақ, Сабыржан Бахытжанұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғыс хатына ие болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<