Іскерлік ісімен талайға үлгі болған

195

0

Фото автордан

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Мемлекеттік қызмет қатарында мінсіз қызмет атқарып келе жатқан қоғамның айнасы саналатын мемлекеттік қызметкер, өзінің іскерлік әрекетімен басқаларға үлгі бола білген жан туралы әңгіме қозғағым келіп отыр.

Ол – Ильясов Талғат Ибрагимұлы. 1963 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы вуданында дүниеге келген. 1984-1988 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында оқып, экономист біліктілігін алып шыққан. Еңбек жолын 1980 жылы «Қызылордаводстрой» тресіне қарасты №30 Қармақшы ПМК-да жұмысшы ретінде бастаған. 1989 жылы осы мекемеде энономист, 1989-1991 жылдары бухгалтер, 1991-1995 жылдары бас бухгалтер қызметін атқарған. 1995-2001 жылдары Қармақшы ауданы бойынша салық комитектінің бас бухгалтер-эксперт, бас салық инспекторы, бастықтың орынбасары, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары лауазымдарын атқарған.

2001-2004 жылдары Қармақшы аудандық қаржы бөлімінің бастығы, 2004-2013 жылдары Қызылорда облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2013-2023 жылдың қазан айы аралығында Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының комиссия мүшесі қызметін аброймен атқарған. 2023 жылдың қараша айынан бастап қазіргі күнге дейін Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының жоспарлау, есептілік және сапа бақылауы бөлімінде бас инспектор лауазымын атқаруда.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы» медальдарымен наградталған. Қызылорда облысының 2008 жылғы «Жыл қаржыгері» номинациясының иегері, Қызылорда облысының «Құрмет грамотасымен», Қызылорда облысы әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған. Отбасылы, 4 баласы, немерелері бар.

Жоғарыда атап өткен еңбек жолындағы мол тәжірибесін Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясында мемлекеттік аудиттің сапа бақылау қызметінде артынан ерген жас буын шәкірттері мен әріптестеріне өз тәжрибесін үйретуде. Қолданыстағы Заңнамалардағы талаптарды сапалы орындау үшін өз күшін аямайтын іскер азамат ретінде өзін көрсетуде. Ұжым басшысы сенім білдіріп тапсырған қызметін адал, әрі сапалы атқарып отырған жан.

Талғат Ибрагимұлы мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыратын мемлекеттік қызметші ретінде мінсіз беделімен қоғам арасында кеңінен танымал тұлға ретінде елге белгілі азамат.

Бауыржан Пшанов,

Қызылорда облысы

бойынша тексеру

комиссиясының  мүшесі,

әдеп жөніндегі уәкіл

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<