Энергокешен қалыпты жұмыс істеп тұр

877

0

Жаңақорған ауданында орналасқан «СКЗ-U» ЖШС-ның қызметі «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ-ға қарасты уран өндіруші   кәсіпорындардың күкірт қышқылға деген  қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.  Бұл кәсіпорын – 2010-2014 жылғы  Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған, озық үлгідегі өндіріс.

Оған балама болатын немесе ұқсас өндіріс елі­мізде жоқ. Зауыт аз қал­дық­ты өндіру технология­сына не­гізделген. Шикізатты мақ­­сат­ты өнімге ауыстыруды 99,9% дең­гейде жүзеге асырады. Мұн­да 200-ден астам адам жұмыспен қамтылған.

«СКЗ-U» ЖШС құрылымына күкірт қышқыл цехы, энергокешен, қосалқы бөлімшелер, коттедж қалашығы, күн электр станциясы кіреді. Ауқымды зауыт күкірт қышқылын өндіргенде шығатын будан электр қуатын өндіреді. Энергокешеннің қуат­тылығы 12 МВт-ны құрайды. 2013 жылы зауытты іске қосқаннан кейін электр қуатына деген сұраныс артуына орай, кәсіпорын аумағында сағатына 420 кВт электр энергиясын өндіретін күн электр станциясы салынған. Күн сәулесінен алынған энергия вахталық қалашық пен кәсіпорынның әкімшілік-тұр­мыс­тық кешенінің электр қуатына деген қажеттілігін толық өтеп отыр.

Энергетика министрлігі Атом­дық және энергетикалық қада­ғалау мен бақылау комитетінің облыс бойынша аумақтық депар­таменті хабарлағанындай,  «СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылы зауытының энергокешені 2019-2020 жылдың күзгі-қысқы кезеңін апатсыз режимде өткізуде. 7 маусымдағы ақпаратқа сәйкес, электр энергиясының орташа тәуліктік өндірісі 12,3 МВт-ны құрайды. Оның ішінде зауыттың жеке тұтынуы 4,5 МВт болса, желіге 4,8 МВт (ВЛ-35 кВ, Л-3–3,9МВт, Л-4 –3,9,Л-57–0) электр энергиясы беріледі.

Желіге жеткізілетін электр энергиясы, басқа энергия көз­дерінің электр энергиясымен салыс­тырғанда арзанырақ.  Соған байланысты «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ электр энергиясының техно­логиялық  үдерістеріне жұмса­латын шығындарды  жабу  үшін сатып алады.

Бұл энергия көзі күкірт пайдалану қоры көлемінің нормативтік талаптарына сәйкес келеді. Сон­дай-ақ серіктестіктің бір ай бойы үздіксіз жұмыс істеуін қам­тамасыз етеді.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<