Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мәселесі қаралды

295

0

​Бүгін қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Комиссияның күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына жолдау, ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарып, олардың құқықтарын теріс пайдалануына байланысты ата-аналық құқықтарын шектеу мәселелері талқыланды. 

​Комиссия төрағасы Дархан Есалыұлы кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту мақсатында сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

​Комиссия тарапынан кәмелетке толмағандардың мәселесі бойынша балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында тиісті шешімдер қабылданды.

​Сонымен қатар, «Қауіпсіз қала» тұжырымдамасын іске асыратын қала әкімінің өкімімен арнайы құрылған жұмыс тобының өкілдерімен профилактикалық бағыттағы жұмыс жоспарынан туындайтын мәселелерге қатысты ұсыныстар мен пікірлер талқыланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<