Тәжірибе алаңының үшінші күнімұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған «Кәсіби құзыреттілікті дамыту: мүмкіндіктер, тәжірибе мен стратегиялар» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциямен басталды.
Ғылыми-практикалық конференция білім беру ұйымдарында білім беру жүйесін жаңғырту және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, озық тәжірибелерімен алмасу, инновациялық идеяларды, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, технологияларды, тәсілдерді қолдану және талдау мақсатында өткізілді.
Мектептегі білім беру үдерісіне жаңаша оқыту идеяларын ендіру тәсілдері; мектеб жағдайында мұғалімнің көшбасшылығын жетілдіру мәселелері;
STEM тәсілін мектеп тәжірибесіне ендіру жолдары;
оқушылардың өздігінен білім алуын қолдау-ынталандыру бағыттары;
оқушылардың оқуы мен оның нәтижелерін бағалаудың тиімді түрлері секциялары бойынша келіп түскен жұмыстардың ішінен 6 баяндама конференцияның пленарлық тыңдалымына ұсынылды.
Конференцияның электронды жинағына іріктеуден өткен баяндамалар, жиын ардагерлері мен алаң жұлдыздарының естеліктері, белсенді қатысушылардың рефлексиялары, эссе, фото және жазбадеректер енетін болады.
Алаңның мәдени шарасы Ақындар айтысымен жалғасын тапты. Дүбірлі доданың тақырыбы «Тәжірибе алаңының 20 жылдығына» арналды. Ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, өскелең ұрпақты ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылған өнер бәйгесінде ақындар айтыс көрiгiн қыздырды.
Тәжірибе алаңы жұмысын жоғары деңгейде үйлестіре білу нәтижесінде барлық шараны өткізу мүмкіндігіне қол жеткізілді. Қатысушылардың шығармашылық еңбегін айқындайтын әрбір материал алаң жұмысы барысында тәуелсіз сарапшылардың, ұйымдастырушылардың тезінен өткізіліп, лайықты бағаланды, бағыт-бағдар беріліп, жетілдіру бағытындағы ұсыныстармен толықтырылды.
Жанар Бержанова,
«Өрлеу» Қызылорда облысы
бойынша филиалының
бас әдіскері
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<