Кәсіпкерлер шығынға ұшыраған

682

0

Облыста тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлік нысандардың саны 26-ға жетті. Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына хабарласқан бизнес өкілдері залалдың жалпы сомасы 395,4 млн теңгені құрайтынын айтып отыр.

– Қызылорда қаласында «Компас», «Sinooil», «ГазЭнерджи» жанар-жағармай бекеттеріне, «Сұлтан», «Фристайл», «Бірлік», «Аль-асад» сауда үйлерінің ғимараттарына, төлем терминалдарына, «М-ломбард» ғимаратына залал келтіріліп, мүліктерін (азық-түлік, алтын бұйымдары, ақша) тонау фактілері орын алған. Келтірілген залалдың көлемін нақты айту қиын. Дегенмен палата мен облыстық басқармаға хабарласып, өтініштерін қалдырып жатқан кәсіпкерлердің сөздеріне сүйенсек, залалдың жалпы сомасы 395,4 млн теңгені құрайды. Шығындар әлі де болса есептелуде. Байланыс түзетілген соң, біз кәсіпкерлермен хабарласып, толық ақпарат пен дәлелдейтін құжаттарды аламыз. Сондықтан, кәсіпкерлерден залалды дәлелдеу үшін барлық деректерді фото және видео арқылы тіркеуді сұраймыз, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Облыстық полиция департа­мен­ті­нің бастығы, аумақтық комендант Бек­төре Сұлтанның  бұйрығына сәйкес Қы­зыл­ордада коменданттық сағат енгізілді (сағ. 23.00-ден 07.00-ге дейін). Бұйрыққа сай:

– облыс көлемінде азық-түлік дүкен­дері және дәріханалардың жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

– облыс көлемінде алкогольдік өнім­дердің сатылуына тыйым салынды;

– облыс көлемінде кафе-барлар, мейрам­ханалар, қоғам­дық моншалар, сауналар, спорт­тық ұйымдар, ойын-сауық орта­лықтарының жұмысына тыйым салынды.

Аталған бұйрықтың орындалу мерзімі жағдай тұрақталып, арнайы шешім қабылданғанға дейін күшінде сақталады.

– Қала тұрғындары мен қонақ­тарын, кәсіпкерлерді қауіпсіздік шараларын, коменданттық сағат­ты қатаң ұстанып, тәртіп сақтауға шақырамын. Президенттің сая­си ұстанымының және тиімді ше­шімдерінің нәтижесінде елімізде тыныштық орнап, қалыпты өмірімізге қайта ораламыз деп сенемін, – деді Ғ.Жақсылықов.

Орын алған оқиға барысында зардап шеккен кәсіпкерлер облыстық кәсіпкерлер палатасына мына нөмірлер бойынша хабарласа алады: 8 701 779 90 90, 8 777 454 98 12, 8 777 647 24 44, 8 777 456 30 90, 8 705 600 69 93, 8 701 929 11 13, 8 702 530 69 33, 8 777 259 43 73.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<