Кәсіптің көзін тапқан

696

0

Қалалық пробация есебіндегі Болат есімді жазасын өтеуші өз кәсібін ашып, ісін алға жүргізіп отыр. Ол есірткі бабымен сотты болып, түзеу мекемесінде жазасын өтеген. Алайда 2019 жылы жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылып, сол жылдан бастап қалалық пробация есебіне алынған.

Жеке кәсіп ашсам деген ниеттенген Болатқа пробация инпекторлары құқықтық көмек көрсетті. Нәтижесінде мемлекеттен қайтарымсыз 583 мың теңге грант ұтып алып, 100-ге жуық тауық пен мал алып, жеке кәсібін ашады.

– Менде мардымсыз айлыққа күнім қараған қарапайым жұмысшы едім. Қалалық пробация қызметкерлерінің көмегімен мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грантқа қол жеткіздім. Қазіргі заманда жұмыс жасап, тұрмысын түзеймін деген жандарға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер берілуде. Істі бастау қиын, бірақ талпыныс болса бәрін де игеруге болады. Көбі мал баққанды бейнетті кәсіп санайды. Оның қиындығынан қашады. Мыңғыртып мал айдамасаң да, өз үйіңді етпен, сүтпен қамтыған дұрыс, –  дейді есептегі азамат.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<