Kaspi «қауіпті» хабарлама туралы қауесетке жауап берді

408

0

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Kaspi банкінің баспасөз қызметі картаны пайдалануды шектеу туралы хабарламалар мен «қауіпті» сілтемелер арқылы алаяқтықтың жаңа әдісі тарап жатыр деген қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform. 

«Атап айтқанда, «шектеу туралы толығырақ» түймесін басқаннан кейін ақша есептен шығарылмайды. Яғни есепшотқа қойылған шектеулер туралы толық ақпарат көрсетіледі. Бұл жағдайда тиісті мәлімет сот орындаушысынан келеді», – деп түсіндірді Kaspi банк қызметкерлері.

Сонымен қатар баспасөз қызметі адамдарға ақпарат алу кезінде сақ болуға және мессенджерлердегі жалған хабарламаларға сенбеуге шақырды.

Айта кетейік, жақында әлеуметтік желілерде алаяқтар Kaspi қосымшасы арқылы қазақстандықтарды алдаудың жаңа әдісін пайдаланып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<