Кешіктірілген төлемдерге айыппұл салынбайды

401

0

Елдегі төтенше жағдайға байланысты уақытынан кешіктірілген төлемдер үшін айыппұл салынбайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда банктер дүйсенбіге дейін жұмыс істемейді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз хатшысы Олжас Рамазанов мәлім етті.

– Әзірге тек банкоматтар ғана халыққа қолжетімді. Ал кешіктірілген төлемдерге айыппұл салынбайды. Kaspi.kz, Halyk, Forte, Центр кредит, Алтын банк пен Home кредит өкілдері осындай хабар таратқан еді. Бұлардың қатарына Альфа банк те қосылды. Қаңтардың 5-і мен 19-ы аралығында ипотекасын төлей алмағандарға өсімақы жүрмейді, – деп хабарланды. Шешім елдегі жағдайға байланысты қабылданып отыр. «Банктен қарыз алғандар алаңдамауына болады» деп сендірді Ұлттық банк.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<