Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жойылып кету қаупі төніп тұрған киік жануарын атып, оның мүйізі мен етін тасымалдап, сақтап, өткізіп, қылмыстық жолмен қаражат тауып жүргені үшін облыс тұрғынын құрықтады.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында екі киік, одан бөлек сойылған ет, тері, 36 киік мүйізі, бір нөмірі өшірілген 16-калибрлі аңшы мылтығы, балта айғақ зат ретінде алынды. Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК-нің 339-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қылмыстық іс бойынша қажетті сот сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<