Кірпішпен шабуыл жасаған азамат бейнебақылау камерасына түскен

506

0

Оқиға түнгі сағат 02:00 шамасында орын алған. Қала тұрғынын белгісіз екі азамат кірпішпен ұрып соғып жатқандығы қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түскен.

Дереу қала аумағында орын алып жатқан қылмыс туралы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыт – бағдар берілді. Жедел – тергеу тобымен оқиға орнында 43 және 37 жастағы масаң күйдегі азаматтар ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2 бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән – жайларын анықтауда.

Айта кетерлік жәйт, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері жыл басынан бейнекамералардың көмегімен 65 қылмыс ашты.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<