Кіші теңізге батып кеткен азамат табылды

500

0

Ағымдағы жылғы 10 қаңтар күні 11 сағат 48 минутта Қызылорда облысы, Арал ауданы Ақеспе елді мекенінен 20-25 шақырым жерде орналасқан Шөмішкөл балық аулау учаскесінде кіші теңізге Арал қаласының тұрғыны 1963 жылғы азамат Уаз автокөлігімен суға батып кеткендігі жөнінде хабарлама түсті.

Шақырту бойынша іздестіру жұмыстарына Арал ауданы, Қамыстыбас елді мекеніндегі жедел-құтқару жасағы бөлімшесінен 4 құтқарушы, үрлемелі моторлы қайық пен және 3 жиынтық сүңгуір құрал- жабдықтарымен оқиға орнына жетті. Теңіз жағасынан шамамен 7 шақырым болатын оқиға орнындағы мұз қалыңдығы шамамен 35 см, су терендігі шамамен 14 метр екені анықталды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Іздестіру жұмыстары 2023 жылдың 11 қаңтар күні басталды. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қалың мұз сүңгуірлер іздестіру жұмыстарына арналған майна дайындалып, бірнеше мәрте су асты іздестіру нәтижесінде теңіз табанында лайлы батпақ кедергі келтіріп, оған қарамастан құтқарушылардың кәсіби іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 14 метр тереңдіктен уаз автокөлігі табылды.

Алайда су атындағы көлік ішінде адам табылмады. Бүгін12 қаңтар жедел құтқару жасағының сүңгуірлерінің тыңғылықты жұмыстарының нәтижесінде оқиға орнынан 6 метр жерде су астындағы мұзға жабысып қалған 1963 жылғы азаматтың денесі 12 сағат 03 минутта табылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<