Бүгін Сырдария аудандық мәдениет үйінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлының қатысуымен «Жетістікке жетелейтін – Жаңа Қазақстан» атты аудан жастарының дәстүрлі ХIV форумы өтті.
Форумда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев барлық ауылдарда еңбек бригадасын құрып, шаруашылықты қолға алған жастарға ризашылығын жеткізді.
— «Еңбек адамды тәрбиеледі», » Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп халқымыз қашанда еңбекке шақырған. Ауылдарда еңбек бригадаларының көбеюі жастар арасында жұмыссыздық пен қылмыстылықты азайтып, ер жігіттердің туған елге еңбек етсем деген ынтасын арттырады. Біз жас бригадирлерді қолдаймыз. Оларға алқап беріп, техникалар да тауып бере аламыз. Бастысы, жалынды жастарымыз жемісті еңбек етсе болғаны, — деді аудан әкімі.
Форумда «Айдарлы» жастар бригадасының бригадирі Зейнолла Жүсіповке аудан әкімі арнайы «Ынта» сыйлығы мен 100 000 теңге қаржылай сертификат табыстады.
Осылайша, ауыл жастары жұмыс іздеп қала аспай, ауылдағы жастар бригадасына бірігіп жатыр.
Алдағы жылы жастар бригадаларының жұмыстарын күшейту мақсатында А.Тоқмағамбетов және Аманкелді ауылдық округтерінің ауыл әкімдері мен шаруа қожалығы арасындағы екі жақты меморандумға қол қою рәсімі өтті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<