Мәжіліс депутаттарының өңірге сапары басталды

443

0

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбеновтың өңірге іс-сапары басталды.

Халық қалаулысы алдымен партияның қалалық филиалында аймақ жастарымен кездесіп, жастарды қолдау бағыты бойынша атқарылатын біршама жұмыстарды атап өтті. Кездесу барысында «Серпін» бағдарламасы бойынша Солтүстікке Оңтүстіктен көшу тиімділігі, еңбек адамының әлеуетін көтеру т.б. өзекті мәселелер туралы айтылды.

Мұнан соң фракция мүшесі партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасына енгізілген №264 орта мектептің 550 орынға арналған бастауыш оқу ғимаратының қосымша құрылысымен танысты. Бас мердігер «Интегрострой» ЖШС-і. Аталған нысанның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың ақпан айында басталған. Нысан 1-қыркүйекте пайдалануға беріледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<