«Масқара». Галкин Димашты салған актрисаны сынап тастады (видео)

744

0

Ресейлік «Точь-в-точь» телешоуында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге пародия жасалды. Оны танымал актриса Валерия Ланская сомдады. Алайда қазылар алқасына актрисаның өнері ұнамаған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейлік актриса шоу аясында Димаш Құдайбергенге ұқсатып грим жасап, «Любовь уставших лебедей» әнін орындап шыққан. Ланскаяның өнеріне актер Леонид Ярмольник, Максим Аверин, Михаил Боярский және Максим Галкин баға берген.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР!

Алғашқы үш қазылар алқасы «Димашқа» жоғары балл – бестікті қойған. Алайда Галкин Ланскаяның өнері сәтсіз шыққанын айтқан. Ол актриса «Димаштың феномен даусын жеткізе алмағанын» айтып, оған үш балл қойған.  

«Мені кешіріңіздер, әрине, бірақ бұл сұмдық, масқара болды. Жоғары ноталарды алу үшін төменгі дауыспен «түйіліп» қалуға болмайды ғой. Димаш Құдайберген ерекше. Мен бұл образды таңдауға кеңес бермес едім. Сен өнер көрсеткенде ноталарды алған кезде қатты уайымдадым. Ол төменнен жоғары дыбысты алған кезде еркін болады. Бастысы – Димашта даусын басқару еркіндігі бар. Димашта бес октава бар, бірақ ол солармен ары-бері, дельтаплан сияқты ұшып жүреді. Бастысы – нота», – деді Галкин. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<