Әскери қызметте тәртіп пен заң талаптарын орындау талап етіледі

425

0

Әскери қызмет әрбір жас адам үшін ерлік мектебі. Онда денсаулықты нығайтудан, мiнез бен тәртіпті шынықтырудан басқа, сарбаздар
жауынгерлік жағдайда әрекет етуді, атуды, жауынгерлік машиналарды басқаруды
үйренеді. Жұмыстан босатылғаннан кейін олар әскери дайындық резерві ретінде
резервте тұрады.
Заңға сәйкес, техникалық және кәсіптік жоғары білімі бар және 6 ай қызмет
өткерген мерзімді кызметтегі әскери қызметшілер келісімшарт бойынша әскери
қызметке кіруге құқылы, осылайша өзінің жұмысқа орналасуы мәселесін шешеді.
Сарбаздар мерзімді әскери қызметті өткеру уақытында заңдылықтың
сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының әскери прокуратура органдары
жүзеге асырады. Талап та, тәртіпте қатаң бақылауда. Мысалы Қызылорда гарнизоны бойынша ағымдағы жылдың өткен кезеңінде командирдің бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тартқаны үшін 1 мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметші 3 тәулікке гауптвахтқа әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өткiзiлген талдаулар соңғы жылдары Қызылорда облысында әскерге шақырылған жастар арасында мерзімді әскери қызметтен жалтару әрекеттерініңұлғайғанын көрсетті.

Қызылорда гарнизонының барлық әскери бөлімдерімен мекемелерінде,
әскери қызметшілер үшін қолжетімді орындарда «Қызылорда гарнизоны әскери
прокуратурасының Құқықтық бұрышы» стендтері орналастырылған, онда қандай да
бір құқық бұзушылықтың алдын алу максатында әскери прокуратураның сенім
телефондары бар.
Сонымен катар, Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасымен
қадағалаудағы әскери бөлімдерде қызмет атқарып жатқан жас сарбаздардың
арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Прокурор сағаты»
тұрақты түрде өткізіледі. Әскери қызметшілермен кездесулер аясында анонимді
сауалнама, әрбір әскери қызметшiмен жеке кездесу жүргізіліп, кенеттен тыс дене
тексерістері өткізіліп, қауіпсіздік сақтау, заң талаптарын орындау және барлық
заңсыз әрекеттер бойынша гарнизонының әскери прокуратурасына жедел хабарлау
туралы түсіндірме жұмыстары атқарылады.

Мерзімді әскери қызметті өткеруге байланысты мәселелер туындаған кезде
азаматтар (ата-аналар, әскерге шақырылушылар, әскери қызметшілер) Қызылорда қаласы, Нұрмақов көшесі, 2А мекен-жайы бойынша және телефон нөмірлері бойынша жүгіне алады:
8 (724)2-27-77-37, +7 705 433 9499

Нұржан КИШКЕНЕБАЕВ,
Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры
, әділет капитаны

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<