басшысы ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен нотариат, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы Заңдарға қол қойды.
Нотариатты цифрландыру үрдісі осыдан он жыл бұрын Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің құрылған сәтінен басталған болатын.
Нотариат саласындағы жаңашылдықтар: Заңмен жүйеге енгізілетін мәліметтер, оның мәтіні, оларды беру талаптарын регламенттейтін түзетулер, сондай-ақ жүйені сүйемелдейтін тұлғалар мен нотариустардың бірқатар міндеттері қарастырылды.
Нотариаттық іс-әрекеттерді жүйенің электрондық тізілімінде тіркеу кезінде нотариустар олардың жасалғаны, мұрагерлік істің ашылғаны және өсиеттердің есепке алынғаны туралы мәліметтерді енгізуге міндетті болып табылады. Көрсетілген мәліметтер – дереу түрде, ал мұраның ашылғаны туралы мәлімет тиісті өтініш келіп түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізілуі тиіс.
Атап өту қажет, 2018 жылдан ашылған мұрагерлік істерді, куәландырылған сенімхаттарды, ал 2020 жылдан – нотариустармен жасалған атқарушы жазбаларды http://notariat.kz/ және http://enis.kz/CheckTestament интернет-қорларында тексеру қолжетімді.
Заңмен тұлғалардың өздеріне қатысты осындай мәліметтерді ақысыз негізде алу құқығы белгіленді.
Жүйе нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық, мұрагерлік істер, өсиеттерді есепке алу тізілімдерінен және электронды нотариаттық репозиторийдан тұрады.
Заңның жаңашылдығының бірі – жылжымайтын мүлікпен мәмілерді ресімдеуде эксаумақтық қағидатының енгізілуі. Бұл азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеп, өздері тұрып жатқан елді мекенде отырып республиканың басқа жеріндегі жылжымайтын мүлкін рәсімдеуге мүмкіндік береді және коронавирус инфекциясының таралуы жағдайында өте өзекті болып табылады.
Жүйеде әрбір нотариаттық құжатқа автоматты түрде бірегей QR-код берілетін болады. Бұл құжатты бұрмаланудан сақтайды.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен мәмілелерді жазбаша нысанда қағаз жеткізгіште және де электрондық нысанда жасау мүмкіндігі нотариустарға нотариаттық іс-әрекеттерді электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе графикалық планшеттерді пайдалану арқылы электронды нысанда жасау құқығын заңнама жүзінде бекітуге мүмкіндік берді.
Енді азаматтар өз қалаулары бойынша нотариаттық іс-әрекеттерді электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе цифрлық қолтаңбаға арналған графикалық планшеттің көмегімен электрондық нысанда жасай алады.
Заңмен нотариуспен дайындалған электрондық түрдегі құжаттың қағаз жүзіндегі құжатқа, сонымен қатар қағаз жүзіндегі құжаттың электрондық түрдегі құжатқа теңділігін куәландыру бойынша жаңа нотариаттық іс-әрекет енгізіледі.
Мысалы, нотариусқа қағаз жүзінде ресімделген құжат ұсынылады. Нотариус оның электрондық түрдегі бейнесін жасайды және олардың теңділігін растайды. Сонымен екі құжаттың тең заңдық күші белгіленеді.
Ал электронды түрде келіп түскен құжатты нотариус қағазға түсіріп, оның бірдей екенін куәландырады. Сонымен қатар электронды құжатты жасаған тұлғаның қолы тексеруден өткені туралы көрсетеді.
Аталған өзгертулер ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінен бастап енгізіледі.
Нотариаттық құпияның ұғымы енгзіліп, оны сақтауға міндетті тұлғалар тізімі бекітілді.
Заңмен атқарушылық жазба жасаудың тәртібі анықталды.
Нотариат жүйесінің сот орындаушылар жүйесімен ықпалдасуымен атқарушылық жазбаларды электронды түрде жасау және құжатты орындауға электронды форматта жіберу бекітілді.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша алты айлық мерзімді өткізіп алған тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік алып тасталды.
Соңғы төрт жылда осы саладағы әкімшілік өндірістердің айтарлықтай төмендегені байқалады. Бұл меншік иелерінің мүліктерін уақытылы тіркегенін және құқықтарын толыққанды іске асырғанын растайды.
Жергілікті жерлердегі сәулет және қала құрылысы органдары жылжымайтын мүлік объектісінің бұзылғанын растайтын құжат беруге жауапты болып заңды түрде айқындалды.
Бұрын меншік иесі жер учаскесі бар тұрғын үй сатып алып, өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келіп, ескі үйді бұзып, жаңасын салған. Алайда, объектіні бұзу туралы құжаттың болмауы салынған үйге құжатты заңдастыруды қиындатты.
Бұл олқылықты жою жылжымайтын мүлік дерекқорындағы объектілер туралы мәліметтерді уақтылы жаңартуға және тиімді салық салуға ықпал етеді.
Құқық ауыртпалықтарын, заңдық талаптарды тоқтатуды тіркеу мерзімі бір жұмыс күніне дейін қысқартылды, бұл меншік иелеріне өз мүлкіне жедел билік етуге мүмкіндік береді.
А.Қосбергенова,
облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<