Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың аймақта қалыптасқан жағдайға сәйкес өңір тұрғындарына арналған үндеуі

212

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бойынша төтенше жағдай жариялады.

Қаруланған бұзақылық топ біздің аймақтағы облыстық, қалалық әкімдіктер, «Nur Otan» партиясы, облыстық сот ғимараттарына шабуыл жасады. Біз қызметкерлерді алдын ала шұғыл эвакуацияладық.

Бүгінгі күні облыста 168 адам ауруханаға жүгінді. Соның 77-сі ауруханаға жатқызылды. 38-і жан сақтау бөліміне түсті.

Қадірлі жерлестер!

Бүгінгі күні облыста арнайы жедел штаб құрылып, жұмысын бастады.

Облыстағы қоғамдық-саяси ахуал біздің тұрақты бақылауымызда. Баса айту керек, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, жалған ақпарат таратқан азаматтар жауапкершілікке тартылады.

Қызылорда облысы аумағында террористік қауіптің «қызыл шекті» деңгейінің енгізілуіне байланысты теорроризмге қарсы операция басталды. Осы орайда барлық азаматтарды енгізілген шектеу мен қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамын!

Облыс аумағында енгізілген шектеулерге байланысты Сіздерден аса қажеттілік жағдайда ғана үйлеріңізден шығуыңызды сұраймыз. Шыққан жағдайда өздеріңізде жеке куәліктеріңіз болуы қажет! Арандатушылыққа бой алдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтап, құқық қорғау қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауларыңызды сұраймыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<