Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев: «Құрмет тек бір күнмен ғана шектелмейді»

258

0

Қадірлі соғыс және тыл ардагерлері! Ардақты жерлестер! Баршаңызды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл күн – аталарымыз бен әкелеріміздің майдан даласындағы жанқиярлық ерлігі мен аналарымыздың ауыр күндердегі ерге бергісіз елдік істерінің жемісі. Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті артып, тағылым-тәрбиесі мен мән-мағынасы тереңдей түсуде. Өкінішке қарай, соғыс және тыл ардагерлерінің қатары жылдан-жылға сиреп барады. Биылғы Жеңіс күнін бізбен бірге 7 майдангер мен 3 мыңға жуық тыл еңбеккері қарсы алып отыр. Оларға құрмет тек бір күнмен ғана шектелмейді, ерлігі әрдайым дәріптеледі. Ардагерлеріміз арамызда аман болып, бейбіт елдің тұтастығы сақталып, әр шаңырақтан береке үзілмесін! Жеңіс күні құтты болсын!