Бұл туралы аталған қызметті үлкен жауапкершілікпен атқара білген әріптесіміз Абай Тағыберген хабарлады.
«Қадірлі достар, жанашыр жандар!
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы ретіндегі қызметімді аяқтаймын деп шешім қабылдадым.
Екі жылдан аса уақыт ішінде облыс әкімінің баспасөз қызметін барынша әділ әрі ашық атқаруға, қоғаммен қарапайым қарым-қатынас орнату қағидатымен жұмыс істей білдік деп ойлаймын. Медиакоммуникация бағытында үлкен тәжірибе жинап, конструктивті диалог орнатуда жаңа қадамдар жасауға мүмкіндік туды.
Сенім білдіріп, қолдау көрсеткен аймақ басшысына, барша жанашыр журналистерге, тілеулес әріптестер, достарға алғысымды білдіремін.
Жаңа қызметім сайлау науқандарын өткізу барысымен байланысты болмақ.
Алда үлкен идеяларды іске асыратын боламыз» деп өзінің facebook парақшасында жазба қалдырды.
Біз әріптесімізге бірлескен нәтижелі қызметі үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!
Гүлбану МАҚАЖАН,
«Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<