Облыс әкімінің гранты қорытындыланды

266

0

Фото: Облыс әкімдігі

Жыл сайын білімге құмартып, оқуға ынталы жандарға облыс әкімінің арнайы гранты тағайындалып келеді. Сонау 2013 жылдан бері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша облыс әкімінің грантын тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан білімге құштар мыңнан аса түлек иеленіп келді. Биыл да білімге бой ұрған жандарға жақсы мүмкіндік туындады. Қанша грант тағайындалды? Қандай мамандықтарға басымдық берілді? Осы сұрақтардың жауабын Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев баяндап берді.

“Жоспарланған 100 мамандықты даярлау үшін жоғары оқу орындар арасындағы бөлініс келесідей болатын. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне 55, Қызылорда «Болашақ» университетіне 10, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына 5 грант, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне 13 грант, Қарағанды медицина университетіне 7 грант, 8 грант – С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, 2 – грант Нұр-Мүбарак Египит Ислам мәдениеті университеттеріне тағайындалды. Тағайындалған гранттар бойынша дизайн – 1, журналистика және репортер ісі – 1, әлеуметтік жұмыс – 2, ақпараттық жүйе – 2, көлікті пайдалану және жүк қозғалысымен тасымалдауды ұйымдастыру – 2, исламтану мамандығына – 2, азық – түлік өнімдерін өндіру – 2, көлікті пайдалану технологиялары – 2, дәстүрлі музыка өнері – 3, археология және этнология мамандығына – 4 грант, аударма ісі – 6, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері – 10, экология және табиғатты пайдалану – 13, жалпы медицинаға – 19 грант тағайындалды.

Әлеуметтік санаттар бойынша грант иегерлері:

35-і көп балалы отбасылардан;

11-і ата анасының біреуі мүгедек;

11-і асыраушысынан айырылған отбасынан

7-і аз қамтылған отбасынан;

2-уі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші;

2-і толық емес отбасынан;

1-уі бала жасынан мүгедектігі бар бала;

Сонымен қатар, педагогика мамандықтары өңірде көп болуына байланысты қолдау таппады.
Үміткерлерден қабылданған өтініштербойынша әкімдіктер жанынан құрылған арнайы комиссиялардың отырыстары өткізіліп, арнайы комиссия шешімдерімен бекітілген 100 гранттың 69-ына тағайындалды,- деді Ғабит Жұмабекұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<