Облыста туберкулез жұқтырғандар саны көбейді

736

0

Өңірде биыл бірінші тоқсанда 97 адам туберкулез жұқтырған. Бұл – өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 17 процентке жоғары.

Ауруға шалдыққандардың 94%-і – өкпе туберкулезін жұқтырған. Сондай-ақ, тең жарымында туберкулездің жұқпалы, яғни ашық түрі екендігі анықталды.

– Індетке шалдыққандардың 70 проценті – әлеуметтік белсенді топтар болып отыр, негізінен 18-64 жас аралығындағы адамдар. Олардың қатарында туберкулез жұқтырған 38 жұмыссыз, 24 зейнеткер, 7-і мектеп оқушысы мен студент бар, – дейді Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Ведомство мәліметінше, соңғы 2 жылда коронавирус пандемиясы туберкулез індетіне қарсы тиісті профилактикалық шаралардың уақытлы жүргізілуіне кері әсерін тигізді. Туберкулезді анықтау сынамаларын қоюға және екпе жүргізуге қарсылық танытқандар саны артқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<