Облыста жылу беру маусымы тұрақты өтті

602

0

Облыста 2021-2022 жылғы жылу беру маусымы жоспарға сәйкес өтті. Қалада 6 сәуір күні жылу беру тоқтатылды. Ал бүгіннен бастап Жаңақорған ауданында, қалған аудандарда 15 сәуірден бастап тоқтатылады. Сондай-ақ, өңірдегі 1064 әлеуметтік нысан мен 816 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев хабарлады.

– ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындады. Жалпы облыста тіршілікті қамтамасыз ететін барлық коммуналдық кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеді. Осы жылу беру маусымында коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке 33,3 мың тонна, ал тұрғындар үшін 140,4 мың тонна көмір отыны жеткізілді. Алдағы жылу беру маусымында қала және аудан әкімдіктері мен тиісті салалық басқармаларда дайындық жұмыстары жүргізіледі, – деді басқарма басшысы Ерлан Жаңабаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<