Фото: Алматы ТЖД
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өткен аптаның есебін жариялады, деп хабарлайды Kazinform.
Өткен тәулікте еліміздің ТЖМ күштері 221 шақырту алған. Оның 111 -і өрт пен жану оқиғалары болса, 109-ы іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да шаралар.
Бұл ретте 54 адам, құтқарылып, эвакуацияланған.
«ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.
Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз», — делінген хабарламада.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<