Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша желілік олимпиадада қызылолрдалық зияткерлер 8 жүлделі орынды иеленді.
700-ден астам оқушының басын қосқан дәстүрлі білім додасында жас дарындылар физика-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша бақ сынасты.
Қызылордадағы мектептің намысын қорғаған олимпиадалық құрамасы екі күміс және алты қола медалін жеңіп алды. Атап айтқанда, қазақ тілі секциясында 12-сынып оқушысы Айгерім Тұрмаханова мен 10-сынып оқушысы Ханшайым Мұхитқызы 2-орынды иеленді. Орыс тілі пәнінен 10-сынып оқушысы Жанайым Сәлімжанқызы және ағылшын тілінен 10-сыныптан Альнура Ерлан 3-ші орынмен марапатталды. 9-сыныптың білім алушысы Арайлым Әшірмет, 10-сыныптан Айдана Қараева биологиядан білімдерін дәлелдеп, қоладан медаль тақты. Ал биылғы жылдың түлегі Сұлтан Қани химия пәнінен, 10-сыныптан Назгүл Ыдырыс Қазақстан тарихынан үздік үштіктер қатарына енді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<