Онлайн кездесу өтті

472

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова және басқарма ұжымының қатысуымен «Ішкі саясат басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау» қорытындысын талқылау бойынша онлайн кездесу өткізілді.


Кездесу барысында Б.Ниязов бірінші орында ұжымда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруды, қызметтерін заң шеңберінде адал атқаруды және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі түрде профилактикалық шараларды өткізу қажеттігін атап өтті.


Сонымен қатар, сыртқы талдау қорытындысы бойынша ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінде, мүдделер қақтығысы және қызметкерлерге сыйақы беру мен мемлекеттік сатып алу барысындағы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерінің алдын алу бойынша ұсынылған ұсыныстарға сәйкес тиісті шешімдерді қабылдау қажет екендігін назарға ұсынды.


Өз кезегенді басқарма басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық шаралардың тұрақты түрде жүргізіліп отыратындағын атап өтті.

Сонымен қатар алдағы уақытта ішкі саясат басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді жою мақсатында толыққанды жұмыс жасайтындығын хабарлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<