Онлайн жазба ақындар мүшәйрасының жүлдегерлері марапатталды

512

0

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен және облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікке тағзым – тілге құрмет» тақырыбында онлайн жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын жетістіктерін насихаттау, жастардың шығармашылық ізденісіне дамыту, ел рухын көтеретін поэзияның дамуына жол ашу. Мүшәйра қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы Ы.Алтынсариннің 180, мұзбалақ ақын М.Мақатаевтың 90, Алаш көсемі Ә.Бөкейханұлының 155 жылдық мерейтойларына орайластырылды.

Сайысқа 22 ақын қатысты. Үш тақырып бойынша шығармаларын ұсынды. Қатысушылар әлеуметтік желіге үш тақырыпта жазылған өлеңінің бірін видеоға түсіріп оқып, қалған екеуінің мәтінін #тәуелсіздіккетағзымтілгеқұрметонлайнмүшәйрасы, #тілдердіоқытуорталығықызылорда хэштегімен жариялады. Мүшәйраға айтыскер ақын, «Қауырсын» жас ақындар үйірмесінің жетекшісі Мамыр Байдәулетов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Аман Абасилов, ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Назгүл Бердіқожа қазылық етті. Қатысушылардың өнерін бағалауда сахналық этикеті, өлеңдерінің мазмұндық тереңдігі, тақырыптың ашылуы бағаланды, ұлттық рух, патриотизм, ел бірлігі бағытындағы мәселелер басты назарға алынды.

Сонымен, мүшәйраның қорытындысымен бас жүлдені сырдариялық Ақтөре Ибрагимұлы, І орынды қызылордалық Айдар Сайлауов, ІІ орынды қызылордалық Өмірзақ Дидар мен жаңақорғандық Ұланбек Бексаба, ІІІ орынды қызылордалық Ажар Садықова, қармақшылық Сырым Әділбеков пен жаңақорғандық Ізәтілла Нәрзілдаев өзара бөлісті.

Жеңімпаздарды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова марапаттап, дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<