«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы басталды

2217

0

Педагогтер үшін қуанышты жаңалық!

Бейнесабақтар және бейнедәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық байқауының басталғандығын хабарлаймыз!

«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құралдық және пәндік сауаттылықты дамыту саласындағы заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану жөніндегі озық педагогикалық идеяларын ұсыну және тарату нысандарының бірі болып табылады.

Байқаудың мақсаты – пәнаралық негізде білім алушылардың ерте / функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара іс-қимылының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік практикаларын жалпылау және танымал ету.

Байқауға

Ерте сауаттылық (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту);

Оқу сауаттылығы;

Математикалық сауаттылық;

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық;

Цифрлық сауаттылық;

Медиа-ақпараттық сауаттылық;

Қаржылық сауаттылық;

Экологиялық сауаттылық;

Денсаулық сақтау сауаттылығы (медициналық сауаттылық);

Әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық;

Мәдениетаралық сауаттылық;

Азаматтық-құқықтық сауаттылық бағыттары бойынша ведомстволық тиістілігіне, меншік түрі мен нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады. Байқауға бұрын-соңды жарияланбаған, басқа байқауларға қатыспаған, интернет желісінде орналастырылмаған бейнематериалдар жіберіледі.
Бейнематериалдың мазмұны мен түріне төмендегідей талаптар қойылады:
Бейнематериалда авторлық педагогикалық идея, яғни қысқаша тұжырымдалған ой болуы керек, ол жалпы пәнаралық негізде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту саласында кәсіби педагогикалық тәжірибенің белгілі бір инновациялық мәнін белгілейді.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту саласындағы проблеманың шешімін көрсететін идеяны визуалдау мынадай түрлерде ұсынылуы мүмкін:

дәріс (белгілі бір академиялық пәннің бөлігі ретінде тақырыпты дәйекті түрде ұсыну, лектордың монологы түрінде өткізіледі, бұл ретте алдын ала дайындалған жоспар қолданылады, білім алушылардың қатысуы міндетті емес);

сабақ (білім алушылардың қатысуымен белгіленген бағдарлама шеңберінде оқу жұмысын ұйымдастыру бойынша педагогтің жұмысы, әртүрлі әдістемелік тәсілдерді қолдану көрсетіледі, сонымен қатар дидактикалық және тәрбиелік мақсаттарға жету әдісі түсіндіріледі);

практикалық/зертханалық жұмыс (арнайы жабдықты немесе теориялық материалдарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша педагогтің басшылығымен білім алушылардың өзіндік жұмысы);

семинар (оқу пәні шеңберінде белгілі бір тақырыптар мен проблемалық мәселелерге арналған талқылау түрінде білім алушылардың педагог ұйымдастырған өзіндік жұмысы. Педагогтің ұйымдастырушы ретіндегі рөлі айқын болуы керек);

мастер-класс (педагогикалық жұмыстың жаңашыл әдісін қолдануды және оның басқа педагогтер үшін практикалық құндылығын түсіндіруді көрсету);

цифрлық білім беру ресурсы (білім беру үдерісінде оны пайдалану аспектілерін түсіндіре отырып, кеңінен қолдануға дайын авторлық әзірлемені қамтитын оқу материалын қолдануды көрсету);

бейнеподкаст (белгілі бір тақырыптағы диалог (сұхбат) немесе монолог форматындағы түпнұсқа атауы бар, сценарий бойынша жазылған және бейне сериясымен сүйемелденетін семантикалық блоктары бар авторлық бейне. Бұл форматта дыбысқа баса назар аударылады, оны бөгде шу шығармай жазу керек және жоғары сапалы монтаждан өту керек, нәтижесінде ақпаратты қабылдауға кедергі келтіретін сөздердің орамы, қосымша үзілістер жойылады).
Жыл сайын өткізілетін Республикалық байқау жеңімпаздарының бейне-сабақтары youtube-тегі Өрлеу білім беру арнасында орналастырылады. Үздік мұғалімдер мен оқытушылардың бейнесабақтары баршаға қолжетімді, білім алушылар мен жас мамандар үшін өздеріне қажеттісін қолдануға мүмкіндік береді.

Республикалық байқаудың өңірлік кезеңі 2023 жылдың 28 сәуірі мен 10 қарашасы аралығында өткізіледі.

Шығармашыл мүғалімдердің озық педагогикалық идеяларын ұсыну мен таратуға мүмкіндік беретін

Республикалық байқауға қатысуға шақырамыз!

Байқау туралы толық ақпарат алу үшін Өрлеудің сайтына кіріп, https://ppi.orleu-edu.kz/?page_id=21414&lang=kk сілтемесі арқылы Ережесімен танысуға, өтінім қалдыруға болады.

«Өрлеу» Қызылорда филиалы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<