Пойыздар қозғалысы қалпына келді

271

0

7 қаңтарда «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы толық қалпына келтірілді.

– Бұған дейін жабық болған Мақат, Арал теңізі, Бейнеу, Маңғыстау, Сексеуіл стансаларынан жолаушылар пойызы өтіп жатыр. Ереуілшілердің әрекеті салдарынан жабылған барлық стансалар ашылды. Қазіргі уақытта тұрып қалған барлық пойыздар белгіленген бағыттағы стансаларына бара жатыр. Тоқтатылған 25 жолаушылар пойызы сағат 14:00-ден бастап кестеге сәйкес қалпына келтіріледі. Алайда, бұған дейінгі пойыздардың кідіруін есепке алғанда, кейбір пойыздар кешігіп жетеді, – деді компанияның баспасөз қызметінен.

Бұған дейін тоқтатылған 129 жүк пойызының 75 құрамы уақытша жүрмей тұр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ интернет пен банк операциялары қалпына келгенге дейін кәсіпорындар мен көлік компаниялары үшін төлем мерзімін кешіктіруге рұқсат етті. Ұлттық компания ТЖ режимі кезінде айыппұл санкцияларын салмайды. Қазіргі шектеулерге сәйкес, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жолға шығатын жолаушылардың вокзалға ерте келуін, ал сапарлап келген жолаушылардың жол жүру билетін сақтауын сұрайды. Сондай-ақ, компаниядан ТЖ кезінде кез келген бағытқа жол жүруден бас тартқан жағдайда «Жолаушылар тасымалы» АҚ билеттің толық құнын қайтаратынын хабарлады. Жолаушылар ақша алу үшін 6 айдың ішінде билет кассаларына бара алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<