Полицейлерден қашып кетпек болған

619

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылордада мас күйінде көлік тізгіндеп, полицейлерден қашып кетпек болған тұрғын ұсталды
 

31 қаңтар сағат 08:10 шамасында Қызылорда қалалық ПБ ЖБО қызметкерлері Ғани Мұратбаев көшесінің бойында BMW автокөлігі жол ережесін бұзғандығын байқап, автокөлікті тоқтатуды сұраған.   



Полиция қызметкерлерінің ескертулеріне жүргізуші тоқтамай, автокөліктен түсе сала оқиға орнынан қашып кетпекші болады. Жүргізуші ұсталып, наркологиялық диспансерге жеткізілді. Сараптама нәтижесі бойынша, құқық бұзушының орта дәрежелі масаң күйде болғандығы анықталды.  


 
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1 – бөлігімен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік күйдегі адамның басқаруына беру» әкімшілік хаттама рәсімделді. Автокөлік айып алаңына қойылды.    


 
Жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Полицейлерден қашып кетпек болған

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<