Бекзат Бақбергенұлы Жүсіпов ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бекзат Жүсіпов 1989 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Шығыс Англия университетін тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор қызметінен бастаған.
2009-2013 жылдары республикалық телеарналарда жұмыс істеді.
2013-2016 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы – бас инспектор.
2019-2021 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры.
2021-2022 жылдары — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<