Президент Алматыдағы Полиция департаменті Шұғыл әрекет ету басқармасының орталығына барды

543

0

Мұнда қала аумағындағы шұғыл жағдайлар туралы түскен ақпараттар тәулік бойы үздіксіз жиналып, оларға талдау жасалады және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Президентке қаладағы террористік акті кезінде бұза­қылардың мақсатты түрде 20 көшеге орнатылған 493 бейнекамераны, бейнебақылауды басқару және байланыс жүйесінің техникалық жабдықтарын істен шығарғаны  жөнінде баяндалды.

Үкіметтік комиссия мен әкімдікке бақылау жүйелерін түгелдей қалпына келтіру тапсырылды. Қаладағы тәртіпті 10 мыңға жуық бейнекамера бақылайтын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<