Қалдырмас аязға ызғарға…

673

0

Әлеуметтік желіде қыстың суығына қарамастан балаларын велосипедпен тасып жүрген Қызылордалық Қанат есімді азаматқа халық атынан көлік сыйға берілді.

Игі істің басында шоумен Асылхан Дүкенбаев жүр. Тұрғындармен кәсіпкерлер де атсалысты.

«Аманаттарыңызды табыстадым, ағайын! Көлігіңіз құтты болсын, Қанеке! Енді осы көлікпен қос құлыншағыңызды қалаған жерге апарыңыз», – деп жазды шоумен өзінің Instagram парақшасында.

– Өкінішке орай бүгінде әкелік міндетін орындамақ түгілі, жалтарып жүргендер бар. Қанат ағамыздың балаларын жолдағы қауіпке, суыққа қарамастан велосипедпен тасып жүргені бәріміздің жүрегімізді елжіретті. Қамқор әкеге халықтың құрметі. Барша атсалысқан жандарға Алла разы болсын!, – дейді Асылхан Дүкенбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<