Қауіпсіздік шаралары басты назарда

362

0

«Қызылорда» автобус паркі» ЖШС жүргізушілеріне қалаішілік бағыттарда қоғамдық көліктердін қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарының қатысуымен арнайы жиын өтті.

Түсіндірме жұмыстарын Қызылорда қалалық полиция басқармасы, Қызылорда қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының, облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері және «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС қауіпсіздік қызметі бойынша директор орынбасары Әмірбек Шаймағанбетов жүргізген болатын.

Жиын барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері автобус жүргізушілеріне тәртіпсіздікке әкеліп соқтыратын жол жүру ережесін өрескел бұзуға жол бермеу керектігін айтып өтті.

Сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілеріне «102» мобильдік қосымшасының артықшылықтары түсіндірілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<