Қазалы ауданының әкімі Әйтеке би кентін аралады

319

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Әйтеке би кентіндегі бірқатар нысандарды аралады.

Алдымен Жанқожа баба кесенесіне барып, баба рухына арнап құран бағыштап Жанқожа Нұрмұхамедұлы ескерткіші алаңын абаттандыру жобасымен танысты.

Мұнан соң Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілетін жер учаскесін көрді. Сондай-ақ Жалаңтөс баһадүр атындағы алаңға барып, Әйтеке би кенті әкіміне алаңның қоршауларын ретке келтіріп, қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Мейрамбек Зинабдинұлы бұдан әрі Орталық алаң, «Жеңіс» саябағы, Әйтеке би кенттік Мәдениет үйі ғимараты, Теміржол вокзалы, Оқушылар үйі, Жалаңтөс батыр атындағы орталық стадион мен саябақты көрді.

Әйтеке би кенті әкіміне тұрғындардың көп шоғырланып, бос уақыттарын тиімді өткізетін саябақтар мен алаңдарды ретке келтіріп, тазалыққа аса мән беру керектігін жеткізді.

Әйтеке би кентіндегі орталық көшелерді аралаған аудан басшысы кент әкіміне көше бойындағы істен шыққан жарықшамдарды шұғыл ретке келтіріп, жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысан иелеріне тазалық жұмыстарын үнемі жүргізуді ескертіп, ағаш түптерін балақтау, әктеу, көлік қозғалысына кедергі келтіріп тұрған бағаналарды жылжытып, оларды сырлау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<