Заңғар жазушы, қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектеп базасында «Қазақ әдебиетінің алтын жұлдызы – Ғабит Мүсірепов» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға облыстық оқу орталығының әдіскері Ақсәуле Асылбекқызы және Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері Нұржан Әсілханұлы мен тәжірибе алмасу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандары қатысты.
Жиынға қатысушы қонақтар үшін мектептің АКТ залында «Ғасырда бір туылар ғажайыбым» әдеби сазды кеші ұйымдастырылды. Оқушылар қонақтарға Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романынан қойылым ұсынды.
Сонымен қатар мектеп директоры Гауһар Рүстемқызы «Ана өмір иесі» тақырыбында ардагер ұстаздар мен жас мамандар арасында тренинг өткізді. Онда тапсырмалар беріліп, кері байланыс жасалды.
Мұнан соң облыстық семинарға қатысушылар «Ұлпан» романының тілі, «Данадан қалған рухани дүние» танымдық сабақтар мен тренингтерге қатысты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<