Қазақ халқына деген жүрекжарды алғыстарын жеткізді

1210

0

Көктемнің алғашқы күні – 1 наурыз – алғыс айту күні. Бұл мереке елімізде 2016 жылдан бастап аталып өтеді. Мерекенің мән-мағынасы тым тереңде жатыр.

Дәлірек айтсақ, сонау зұлматты жылдары өз Отанынан ауа көшіп, Қазақстанға еріксіз қоныс аударған түрлі ұлт пен ұлыстар қазақтай қайырымды халықтың құшағынан сая тапқан болатын. Бүгінде олардан тараған ұрпақтар да еліміздегі бейбітшілік пен келісім аясында тату-тәтті күн кешіп келеді. Сондықтан олар қиын күнде бір үзім нанды бөліп беріп, жан жылуымен жұбата білген қазақ халқына жүректері толқи тұрып алғыс білдіреді.
Алғыс айту күні мерекесіне орай облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекованың қатысуымен Достық үйінде дөңгелек үстел жиыны өтті. Жиынға ардагерлер, облыстық ассамблея мүшелері, ассамблея жанындағы этно-мәдени орталықтарының жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты жиынды Мира Қазбекова ашып, жыл басында орын алған оқиғаға тоқталып, Көктем шуағы еліміз үшін бейбітшілік пен келісімнің, ізгілік пен сыйластықтың үлгісі болсын деген тілегін білдірді. Жиында облыста тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері қазақ халқына деген риясыз сезімдерін, жүрекжарды алғыстарын жеткізді. Ардагерлер тағылымды ойларын айтты.


«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<