Сайлауалды бейпартиялық байқау штабы ҚР Парламенті Мәжілісі және жергілікті деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау шарасында белсенді әрекет етті. Маңызды шара барысында ешқандай заң бұзушылыққа жол берілген жоқ.
Қоғамдық байқаушылар облыста 376 сайлау учаскесінде мониторинг жүргізді. Алдымен оларға еліміздің заңдарын білуіне жағдай жасалып, Конституция мен «Сайлау туралы» заң басты назарға алынды. Желтоқсан айында байқаушыларға арналған семинар ұйымдастырылды. Онда Қызылорда қаласы мен облыстың барлық ауданында жұмыс жүргізетін азаматтарға олардың құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді. Өздеріне жүктелген міндеттерді атқару миссиясы жөнінде жан-жақты мағлұмат берілді.
Бұл олардың жұмыс барысында сауатты әрекет етуіне зор мүмкіндік туғызды. Қоғамдық байқаушылар барлық сайлау учаскесінде қырағылық танытты.
Олардың құрамына 25-50 жастағы азаматтар тартылған. Барлығы – қоғамда өздерінің белсенділігімен көзге түсіп жүрген азаматтар. Қоғамдық байқаушылар сайлаудың қандай деңгейде өткенін қарау мақсатында тиісті міндеттерді атқарды.
Маңызды науқан алдында біз шетелдік байқаушылар және бірқатар қоғамдық ұйым жетекшілерімен кездесу өткіздік. Атап айтқанда, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ОБСЕ) ұзақ мерзімді байқаушылары германиялық Инго Бютнер және ресейлік Андрей Оствальд бізге өздерінің ой-пікірлерін білдірген болатын.
Жандос ТҰСМАҒАМБЕТОВ,
сайлауалды бейпартиялық байқау штабының облыстағы өкілі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<