Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ғылыми кеңесінің шешімімен Ержан Үбайдаұлына университеттің Құрметті профессоры атағы берілді.
Е.Уәйіс Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мәдениет қайраткері, тележурналист, дипломат, мемлекет қызметшісі.
Еңбек жолын Қазақ телевизиясында тілші-диктор қызметінен бастап, шетелде аккредитацияға тіркелген тұңғыш қазақ журналисті.
Ел басқарған Дінмухамед Қонаевтың жеке тілшісі, 1991 жылы 1 желтоқсанда Тұңғыш президенттен бірінші сұхбат алған тележурналист. Түркия республикасындағы Қазақ елшілігі Стамбұл қаласындағы бірінші Қазақ бас консулы қызметтерін атқарған.
Ержан Үбәйдаұлы Қызылорда облысында мемлекеттік қызметшісі, облыс әкімінің кеңесшісі, облыс әкімінің орынбасары, облыс тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметінде болды. Бүгінгі күні қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға сүбелі үлесін қосып келеді.
Бүгін университет ректоры – басқарма төрағасы Бейбіткүл Сәрсемханқызы ағамызға Құрметті профессор атағын тапсырып, шапанды иығына жапты.
Академик Қылышбай Бисенов ғылыми атаққа ие болған қайраткер туралы жылы лебізін білдірді.
Салтанатты сәттің кейіпкері сөз алып, жоғары сенім көрсеткен университеттің ғылыми кеңес мүшелеріне алғыс білдірді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<