Қызылорда: Сайлау заң талаптарына сай өтті

663

0

Қызылорда облысында жергілікті уақыт 20.00-де ауыл әкімдерінің сайлауы аяқталды.

Мәліметтерге сүйенсек, сағат 19:00-дегі сайлаушылардың 78 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.

  • Барлық 54 сайлау учаскесі жабылды. Сайлау учаскелерінде дауыстарды санау процесі басталды. Бюллетеньдер саны – 36 432 дана. Барлығы Конституциялық заңға сәйкес өтуде. Арыз – шағымдар түскен жоқ. Айта кету керек, бюллютендерді санау барысында жергілікті байқаушылардың назарынан тыс қалмайды. Барлығы қадағаланып отыр, – деді Ғалым Қонақбайұлы

Полиция қызметкерлері де күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда.

  • Сайлау кезеңінде құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ. Жалпы облыста осы сағатқа қатысты жағдай тұрақты,-деді облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов.
  • Ал, індет жұқтырғандармен байланыста болған сайлаушылар үйден дауыс берді. – – Бұл ретте дауыс беру пәтерге, үйдің ішіне кірмей ұйымдастырылды. Мұндай дауыс беру байланыссыз тәсілмен мысалы баспалдақ алаңында, үй аумағы маңында жүргізілді. Сайлауда санитариялық талаптар және әлеуметтік ара-қашықтық сақталды,-деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<