«Қызылорда-Жезқазған»: Күре жолдың құрылысы бастау алды

580

0

Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» күре жолының 216 км шақырымына реконструкциялау жұмыстары басталды. Бұл аралықта жөнделетін автожол 6 лотқа бөлініп, оның төртеуінің жауапты медіргері анықталды. Жалпы Сыр өңірі мен Ұлытау арасын жалғайтын ауқымды жолдың жобасы 2025 жылға дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Пакуатдин Шамұратов хабарлады.

– Мемлекет басшысы көптен бері шешімін таппай келген республикалық «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының құрлысын бастауға пәрмен берген болатын. Осы орайда маңызды жолдың сапалы салынуы тікелей облыс әкімінің бақылауында болады. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, осы жолдың құрылысына байланысты туындаған мәселелерді қадағалау үшін арнайы жұмысшы топ құрылды, – деді басқарма басшысы Пакуатдин Шамұратов. «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңарту негіздемесіне сәйкес, ені 7 метр болатын III техникалық санаттағы жол ені 9 метрлі II техникалық санатқа ауыстыру қаралған. Сондай-ақ, жол бойында 2 жол айрығы, үй жануарларына арналған жол өткелдері, су арнасы өтетін 3 көпір, заманауи 5 дәретхана мен 6 демалыс алаңдары салынады.-Біраз жыл күрделі жөндеу көрмеген «Қызылорда-Жезқазған» автожолының құрлысын жүргізуші медігерлер анықталды. Олар 3 қытайлық компания мен жергілікті «Қыран» ЖШС. Бүгінде 40 шақырым айналма жолы салынды. Жақын арада барлық айналма жолдарын ұзартып, толықтай құрылыс жұмыстарына кірісеміз, – деді «ҚазАвтожол» ҰҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Ерсайын Мұзафар.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<