Қызылордада 6 жыл бұрын берілген көпқабатты үйдің қабырғалары құлағалы тұр

447

0

Бірнеше пәтердің ішкі қабырғаларындағы ырсиып тұрған үлкен жарықтардан тіпті арғы бөлме көрінеді. Ал осы көпқабатты үйде 60 отбасы қорқынышпен күн кешіп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К

Қазір қабырғалары қақырап тұрған көпқабатты баспана мемлекеттік бағдарлама арқылы 2016 жылы берілген. Көпшілік соңғы екі айдан бері жарықтардың тіпті үлкейіп бара жатқанын айтады. Бұлай жалғаса берсе, ішкі қабырғалары жапырылып құлап, жермен-жексен боламыз ба деп қорқады көпшілік.

Екі ай бұрын үйдің астынан су кеткен. Содан басталды. Қазір жарықтардың арасына қолымыз сияды. Ұйықтап жатқанда төбемізге түсе ме деп алаңдаймыз,

— дейді тұрғын Бақытжан Жақыпов.

Пәтерлердің едені де ойылып, төмен түсе бастаған. Жарықтар соңғы күндері тек пәтер ішінен емес, подъезден де пайда болыпты. Ал бұл мәселеге байланысты тұрғындар әкімдікке талай арызнданған екен. Алайда нәтиже жоқ.

Әкімдікке неше рет бардық. Әне, міне деп алдап жібереді. Өздері осындай үйде тұрса, көрер едім. Қаншама халықтың обалына қалады ертең,

— деп ашынады тұрғын Шолпан Сайымова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<