Қызылордада коронавирус инфекциясы диагнозы бойынша соңғы тәулікте симптомды 10, симптомсыз 37 жағдай тіркелді.
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 587, ал симптомсыз- 314 азамат. Ал індеттен айығып шыққандар саны 515-ке жетті.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Симптомды жаңа 10 жағдайдың 9-і скринингтен болса, 1-еуі індет жұқтырған науқаспен байланыста болған. Ал симптомсыз коронавирус инфекциясының 37 дерегі тіркелді. Оның 26-і скринингтен, , 7-і ақылы сынама тапсырғаннан, 4-і қарым-қатынастан анықталды»,- деді Жақсылық Абдусаметов.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 6713 азамат анықталды. Оның ішінде, 4308- тікелей қарым-қатынаста, 2405-і жанама байланыста болған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<