Қызылордада мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

881

0

Полицейлер Арал ауданында мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топты ұстады. Алты адамнан тұратын топтың 2017 жылдан бері 28 жылқы мен 11 бас сиырды ұрлап, сатып жібергені анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазір полицейлер олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Топ мүшелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен және ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Екі күдіктіге  2 айға  «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Қалған ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<