Қызылордада түрмедегі танысына есірткі өткізбекші болған азамат ұсталды

738

0

Бүкіл әлем халқы, жаһандық індет коронавируспен күресіп жатса, сотталғандардың жақындары түрмеге тыйым салған заттарды әкелуін тоқтатар емес.

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің аумағында жүрген азамат мекеме қызметкерлерінің күдігін туғызды. Мекеме қызметкерлері күдік тудырған азаматқа байланысты, дереу 102 нөміріне хабарлап, Қызылорда ҚПБ-ның жедел-тергеу тобы шақырылып, аталған азамат ұсталды.

Ұсталған азаматты тінту барысында оң жақ қалтасынан қағаз қорапқа салынған, «жасыл түсті өткір иісті» заты тәркіленді. Күдік тудырған Н есімді азамат, тыйым салынған затты, осы мекемеде жазасын өтеп жатқан танысы Е есімді сотталғанға өткізбекші болған, – делінген хабарламада.

Сот-химиялық сараптамасының

қорытындысы нәтижесінде тәркіленген зат  20,67 грамм «кептірілген марихуана» екені дәлелденіп, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

BAQ.KZ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<